Елімізде тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған заң қабылданды
Бұдан былай азаматтар «Сатып алу құқығынсыз» жалға алған тұрғын үйді жекешелендіре алады, деп хабарлайды 24KZ
Бүгін Мәжіліс отбасылардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Сатып алу құқығынсыз берілетін тұрғын үйлер халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған. Сонымен қатар заңда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Отбасы банкін «толыққанды даму институты» етіп, азаматтарды есепке қою мен тұрғын үйлерді бөлуді орталықтандыруға бағытталған нормалар көзделген. Әскери, құқықтық тәртіпті қорғау, сондай-ақ адам өмірін құтқару кезінде қаза тапқан адамдардың отбасына бір жыл ішінде үй берілмек.