ШҚО-да кене энцефалитін жұқтырғандар емделіп шықты

ШҚО-да кене энцефалитін жұқтырғандар емделіп шықты

Шығыс Қазақстан облысында 5 адам кене энцефалиті мен боррелиозге шалдықты, деп хабарлайды 24kz.

Абырой болғанда бәрі дер кезінде ем алып, құлан таза жазылып шықты. Осы күнге дейін қансорғыш 2400 адамды шаққан. Оның 30%-і балалар. Кене адам денесіне іліккен соң шағатын жерді 40 минуттай іздейді. «Сондықтан табиғатта демалған кезде үсті-басты жиі қарап тұру керек», - деп ескертеді мамандар. Жалпы ауру тарататын кенелер таулы, орманды алқаптарда жиі кездеседі. Қазір 667 гектар аумақ зарарсыздандырылды. Енді өңдеу жұмыстарының екінші кезеңі қыркүйек айына жоспарланған

Қанат Тұрдиев, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша бізде екі қала Өскемен қаласы мен Риддер қаласы және 7 аудан Зайсан ауданы, Күршім ауданы, Глубкое ауданы, Самар, Ұлан ауданы, міне, осылар кене шағу қауіпті аумақтарға жатады. Тікелей осы аумақтарда міндетті түрде күрес, кене энцефалитіне қарсы күрес жұмыстары атқарылады.