Қазақстанда 41 дағдарыс орталығы жұмыс істеп тұр

Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген адамдарға елімізде дағдарыс орталықтары көмек көрсетеді, деп хабарлайды 24kz.

Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары бірыңғай платформасындағы ресми ақпаратқа сүйенсек, қазір елде мұндай 41 ұйым жұмыс істейді. Оның 14-і мемлекет меншігінде. Орталық қызметкерлері жәбірленушілерге әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек береді. Шығыс Қазақстан облысында мұндай 5 әлеуметтік ұйым болса, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды облыстары мен Шымкент қаласында үшеуден бар. Қалған өңірлерде кемінде бір дағдарыс орталығы ашылған.

Дағдарыс орталықтары:

Астана2

Алматы2

Шымкент 3

Ақмола облысы2

Қостанай облысы1

Ақтөбе облысы 3

Алматы/жетісу облыстары 2

Маңғыстау облысы3

Атырау облысы 2

ШҚО 5

Абай облысы  – 1

БҚО 1

Қызылорда облысы 2

Жамбыл облысы – 2

Қарағанды облысы – 3

Ұлытау облысы – 2

Павлодар облысы– 2

СҚО1

Түркістан облысы 2