Абай облысында орман күзеті күшейтілді

Былтыр Абай облысында 60 мың гектар орман өртеніп кетті.

От-тілсіз жау. Сол кезде 14 адамның өмірін қиған еді. Жасыл желекке биыл да от тиіп жатыр.

Жаз шықпай жатып 10 өрт ошағы тіркелді. «Семей орманы» резерватының мамандары жергілікті атқарушы органмен бірлесіп 32 мобильдік топ жасақтады. Олар тәртіпке бағынбаған 70 азаматты әкімшілік жауапқа тартты.

Ерасыл Қадырбеков мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері:

- Бүгінгі таңда 159 рейд жүзеге асырылып, рейдтік іс-шаралар барысында 61 адамға әкімшілік хаттама толтырылды. Олар ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы кодексінің 410,336 - баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.