Қостанай облысында орманды бейнекамера мен дрондар күзетеді
Қостанай өңірі де қам жасап жатыр.
Әулиекөлдегі алапат өрт елдің есінде болар. Биыл облыс 2 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсап, 20 өрт сөндіру машинасы мен 11 трактор сатып алған.
Биік мұнаралардың басында қазір 34 бейнебақылау құралы тұр. Оларды сатып алуға 160 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды. Бір бейнекамера 20 шақырымды қамтиды. Бақылау құрылғылары диспетчерлік пунктпен тікелей байланыста. Егер қандай жалын, түтін байқалса, орталыққа белгі береді. Сондай-ақ жеті дрон сатып алынған.
Аязбек Ысқақов, Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі:
- Қостанай облысында бізде мобилді топ құрылған. 106 мобилді топ 500 шақты адам болады. Бұл мобильді топта біздің төтенше жағдай қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметкерлері және орман алқаптарындағы инспекторлар жұмылдырылады. Бұл мобильді топтың мақсаты, адамдар жүретін, адамдар демалатын жерлерде патруль жасау.