387 адам шетел азаматтарын жұмысқа заңсыз алған
Жалпы елдің көші-қон саласында 5 жарым мың заң бұзушылық тіркелді.
Оның ішінде 387 қазақстандық азамат шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған. Мұндай дерек 3-9 маусым аралығында республика көлемінде жүргізілген жедел профилактикалық іс-шара барысында анықталды. Заң бұзушылықтар жергілікті жұмыс берушілермен қатар, шетелдік жұмысшылар тарапынан да болған.
Қанай Жұмабеков, Астана қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары:
- Біздің Астана қаласы полиция департаменті қызметкерлерімен сауда орталықтары, базарлар, саяжайлар, техқызмет көрсету орталықтары барлығы тексеріліп, 504 шетел азаматы анықталып, 83 ҚР азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 49 шетелдік азамат ҚР аумағынан тыс жерге шығарылды. 2 Өзбекстан азаматына қр аумағына заңсыз өткені үшін қылмыстық кодекстің 392 - бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.