Елімізге еңбек етуге келген шетелдіктерден саусақ ізі алынады
Шетел азаматтары саусақ іздерін полицияға тіркеуі тиіс.
Әрине бұл іс-шараның туристерге қатысы жоқ. Тек ел аумағында еңбек етуге келген шетелдіктер міндетті.
Бұл талап елдер арасындағы көші-қон тәртібін бақылайды. Бұдан бөлек қылмысты анықтауға сеп.
Елге еңбек етуге келген шетелдіктердің саусақ іздері тіркеуге алынады. Бұл міндетті іс-шара мемлекеттер арасындағы барыс-келісті нақты көруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, еңбек нарығын қадағалауға көмегі зор.
Саят Успанов, Есіл ауданы полиция басқармасы көші-қон полициясының инспекторы:
- Егер бір жерде қылмыстық жағдайлар болған жерде іздер жинақталып, сараптамадан өтіп, сәйкес келсе, сол кезде сол кісіні табуға болады, ыңғайлы. Құжатын жоғалтқан кезде сосын жаңағы адам төлқұжаттарын ауыстырған кезде, басқа да жағдайларда, жоғалып кеткен кезде адамның кім екенін есін білмей қалған жағдайларда осы саусақ іздерінің көп пайдасы бар.
Еңбек мигранттары әсіресе мегаполистерде көп. Мәселен Астанада күніне 400-ден астам шетел азаматы тіркеуге тұрады. Бұл жұмыстар аудандық полиция басқармаларында жүзеге асады.
Қанай Жұмабеков, Астана қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары:
- Қазақстан Республикасына келген барлық шетел азаматтары уақытша тіркелуге келген, ықтиярхаттарын алуға келген Қазақстан Республикасының визасын тіркеуге, рәсімдеуге келген шетел азаматтарының барлығы дактилоскопиялық тіркеуден өтеді. Қазір мынау сезондық жұмыстардың жеке тұлғаларға қызмет етуге келген жұмыскердің көбеюіне байланысты адамдардың, шетел азаматтарының келуі көбейіп тұр. Бірақ біздің басқарма үлгеріп тұр. Қазіргі таңда әр ауданға тағы да екі ISBN аппараттан бөлетін боламыз.
Қазір Елордада 20 мыңнан астам шетел азаматы бар. Олар әр үш айда еңбек визасын ұзартуға тиіс. Алайда әр келген сайын саусақ іздерін тапсыруға міндеттелмейді. Дерекқорға енгізілген материал кемі 3 жыл сақталады.
Нұрқанат Қанапия, Бағдат Қайыркен