Солтүстікте көктемгі дала жұмыстары аяқталды
Солтүстік Қазақстан облысының диқандары биыл 4,5 млн гектар алқапқа дәнді дақыл екті.
Басым бөлігі бидай. Қалғаны майлы дақыл мен көкөніс. Көктемгі дала жұмыстарына 13 мыңға жуық техника жұмылдырылды. Қазір шаруалар алқаптарға минералды тыңайтқыш сеуіп жатыр. Биыл облыстың ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін бюджеттен 60 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.
Жалғас Сүлейменов, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:
- Биыл диқандар жанар - жағармаймен толық қамтылды. Оларға мемлекеттен арзандатылған бағамен 57,6 мың тонна дизель отыны берілді. Ылғал қоры жеткілікті. Сондықтан егін жақсы шығуы тиіс.