Алматыда жас архившілердің VII халықаралық жазғы мектебі жұмысын бастады

Ұлттық архив қорын қалыптастыру, құжаттарды сараптамадан өткізу және сандық форматқа өткен архив құжаттарын сақтаудың стандарттарын меңгеру.

Бұл қазіргі жас архившілердің алдында тұрған міндеттер. Әсіресе ақпараттық технологиялардың тілін білетін маман керек.

Бұл туралы Алматыда басталған жас архившілердің VII халықаралық Жазғы мектебінде айтылды. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның орталық, облыстық және аудан архивтерінен келген қызметкерлер білікті мамандардың дәрісін тыңдап, тәжірибесін меңгереді. Лекцияны студенттер, магистранттар мен докторанттар да тыңдай алады. Шараға 100-ден аса архивші қатысып жатыр. Биылғы форум цифрлық трансформация кезеңінде архивтерді жинақтау мәселелеріне арналды.

Роза Кәрібжанова, ҚР Президентінің архиві директорының орынбасары:

- Бүгін IT қабілеті бар, білімі бар сондай архивші керек. Президент архивіне келетін болсақ Қазақ-британ университеті мен сосын Халықаралық IT университеті мен Сәтбаев университеті, Астанадағы IT университетімен біз осы биылғы жылы меморандумдарға отырдық, өйткені IT мамандықтағы архившілерді дайындау - өте өзекті мәселе.