Астана мен бірқатар өңірді жалғайтын теміржол бағыттары ашылады
Бірер күнде Астана мен бірқатар өңірді жалғайтын жаңа теміржол бағыты ашылады.
Мәселен, маусымның 17-сінен бастап "Астана-Алматы" және "Астана-Шымкент" бағытындағы жолаушы пойызы күнделікті қатынай бастайды. Ал 14-маусымнан бастап, бас шаһарға жақынырақ орналасқан танымал курорттық аймақтарға бірнеше пойыз жүреді. Атап айтқанда, Бурабай, Көкшетау, Павлодар және Имантау-Шалқар курорттық аумағына темір жолмен жетуге болады. Сонымен бірге қазақстандықтар Алакөлде демалу үшін Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан қатынай алады. Биыл алғаш рет Қызылордадан Алакөлге дейінгі бағыт ашылды. Жалпы демалыс аймағына 12 бағыттағы жолаушылар пойызы іске қосылады. Екеуіне жеке меншік тасымалдаушылар қызмет етеді.
Жәнібек Тайжанов, "ҚТЖ" ҰК" АҚ бас директоры:
- Жолаушыларға сапарларын алдын-ала жоспарлап, белгіленген күні пойыздағы орынды құнттау үшін билетті ертерек алуға кеңес береміз. Билет болмаған кезде жолаушылар күту парағы қызметіне тегін жүгіне алады. Бұны билет сататын сайтта немесе кассада жасатуға болады. Бұдан бөлек жолаушылар үшін сапар кезінде пойыз ауыстыру қызметі қолжетімді.
2030 жылға дейін 700 вагон іске қосылады
Жалпы теміржол паркіне тоқталар болсақ, соңғы он жылда 1,5 мың вагон алынған екен. Былтыр 102 вагон жаңаланған. Биыл тағы елуі іске қосылыпты. Шілденің соңына дейін қосымша 12 вагон әкелінеді. 2030 жылға дейін теміржол паркі 700 вагонға толығады. Жолаушылар тасымалы компаниясы келітрген мәлімет осы. Айта кетейік, жыл сайын орта есеппен 13,5 млн жолаушы темір жолмен қатынайды.