Қазақстанда жазғы уақытта 500 вагон жетіспейді
Қазақстанда жазғы уақытта жарты мың вагон жетіспейді.
Бұл туралы Мәжілістегі брифингте «Қазақстан темір жолы» Басқарма төрағасының орынбасары мәлімдеді. Қанат Әлмағамбетовтың айтуынша, компания жолаушылар вагондарын тек мемлекеттің көмегімен сатып алады. Бірақ тасымал құралының тапшылығы сезіледі. Қазір қосымша вагондардың шамамен 60-65% тіркелген. Қалғандары ескі және кондиционері жоқ. Бұл ретте көлік министрі Марат Қарабаев 1200-ге жуық жаңа вагон сатып алу жоспарланып отырғанын атап өтті.