ШҚО-дағы көпір құрылысы 80% аяқталды

Елдегі ең ұзын көпірдің құрылысы қайта жанданды, деп хабарлайды 24KZ.

Бұқтырма су қоймасының үстінен салынып жатқан өткел астына 20 тіреуіш орнатылады. Қазір соның 15-і қойылды. Көлік министрлігі мамандарының айтуынша, құрылыс 80%-ке аяқталды. Нысан республикалық бюджет қаржысына салынып жатыр. Көпір пайдалануға берілген кезде Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан 3 ауданның көлік қатынасы жақсарады.

Юрий Чанов, құрылыс учаскесінің басшысы:

- Уақыттың басым бөлігі дайындық жұмыстарына кетеді. Өйткені судың астын тазартып, тіреуіштер орнатылғаннан кейін бетондау жұмыстары жүргізіледі. Бір тіреуішке шамамен мың текше метрге жуық бетон құйылады. Қазақстандық үлеске инертті материалдар кіреді. Құм мен қиыршықтасты Бораннан алдырып жатырмыз.