Түркістан облысында шегірткелер жайылымды жайпап жатыр
Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылдық округінде де бау-бақшаны шегіртке тып-типыл қылды, деп хабарлайды 24KZ.
Зиянкестерге қарсы у себілгенімен, әлі таусылар түрі жоқ. Шаруалар арнайы құрылғы сатып алып, өз бетінше дәрілеп жатыр. Ал Шардара ауданының Көксу ауылында Морокко шегірткесі мақтаны жеп қойды. Сарыағаш ауданының Әлімтау ауылдық округінде бидайды қояр емес. Жайылымды да жайпап жатыр. Жергілікті халық биылғы дәрілеу шараларынан нәтиже болмады деп қынжылады. Жауаптылар белгіленген 260 мың гектардан астам алқап өңделіп, дәріленгенін айтады. Аймақтағы ахуалмен танысуға барған Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шаруаларға шығынның өтелетінін айтты.
Ержігіт Әбен, Әлімтау ауылының тұрғыны:
- Шегірткені дәрілеген. Кішкентай ұшпайтын кезде дәріледі. Оған өліп жатқан жоқ. Дәрілеген жердің нәтижесін көргенім жоқ. Өзім дәрілеген жердің нәтижесін көрдім, 10-15 минутта өліп қалды дәрілеген жерім. Бірақ жаңағыдай дәрілеген жердің нәтижесін көргенім жоқ.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- Бүгінгі күні 860 мың гектар жұмыс «обработкасын» жасадық. Керек препараттар барлығы алынды. Техникаларымыз дайын.