Елімізде жедел жәрдемге «жасыл бағдаршам» жобасы қолданысқа енді

Жедел жәрдем көлігі шыққанда жолдағы бағдаршамның тек жасыл түсі ғана жанып тұрады, деп хабарлайды 24kz.

Елдегі үлкен шаһарларда осындай тәсіл қолданысқа енді.

Жергілікті әкімдіктер мен Ішкі істер министірлігінің келісімі бойынша бағдаршам алгоритмін осылай өзгерткен. «Жасыл бағдаршам» жобасы жедел жәрдемнің діттеген жеріне уақытылы жетуіне мүмкіндік береді. Бұл үшін, яғни, ауыр науқас болған жағдайда жедел жәрдем жүргізушісі диспетчерге хабар берсе жеткілікті. 

Асхат Сапаров, ҰШМҮО Басқарма төрағасының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары:

- Көліктердің көптігіне байланысты, кептелістердің болуына байлынысты жедел жәрдем көлігінің ауруды алып, ауруханаға жеткізу жолында кептеліске ұшырайтынына байланысты, уақыттың ұзаруына байланысты қалалық әкімшілік ІІМ келісіп, жолдағы бағдаршамдарды сол жедел жәрдем көлігінің жолындағы бағдаршамды жасыл түске қосып, үнемі жасыл тұратын қылып, сондықтан жедел жәрдем науқасты тез арада ауруханаға жеткізуге мүмкіншілік тудыратын жоба қолға алынып жатыр.