Павлодар облысында бос жатқан 36 мың гектар жер анықталды

Оның 24 мың гектары аймақ тұрғындарына қайтарылды, деп хабарлайды 24kz.

Бұл тек Аққулы ауданына қатысты жағдай. Тексеріс кезінде егістік алқаптардың жылдар бойы бос тұрғаны белгілі болды. Ал жайылымды пайдалануға алғандардың атына бірде-бір мал басы тіркелмеген. Аталған оқиғаға байланысты аумақтық жер қатынастары бөлімінің басшысы тәртіптік жазаға тартылды. Жер пайдаланушылар болса шұғыл түрде өздеріне тиесілі ауылшаруашылық жерлерін мақсатты пайдалануға кірісті.

Әділ Жұмабеков, Павлодар облысы қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры:

- Прокуратураның актісі бойынша тапшылықты азайту үшін бір айдан аз уақыт ішінде кадастрлық құны 5 миллиард теңгені құрайтын 4 мың гектардан астам жайылым халыққа қайтарылды. Он жер пайдаланушы жерді өз мақсатына сай пайдалануға кірісті. Әрекетсіздігі үшін аумақтық жер қатынастары бөлімінің басшысы тәртіптік жазаға тартылды.