Қазақстанға керқұлан қайта оралды
Олар 1960 жылдары қазақ даласынан жоғала бастаған, деп хабарлайды 24kz.
Жабайы жылқылар Қостанай облысының «Алтын дала» резерватында бағымда тұр. Мамандар жылқыны оқшаулаған. Себебі, жерсініп кетуі үшін арнайы күтім керектігін айтып отыр. 2029 жылға дейін Чехиядан Қазақстанға 40 бас керқұлан келеді.
Қуат Жұмақаев, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы:
- Қазіргі уақытта 7 бас жылқы келді. Үшеуі Чехиядан, төртеуі Германиядан келді. Олар қазір Қостанай облысындағы «Алтын дала» резерватында тұр.