Былтыр ЖОО бітірген түлектердің 83%-ке жуығы жұмысқа орналасты
Былтыр ЖОО бітірген түлектердің 83%-ке жуығы еңбек жолын бастады, деп хабарлайды 24kz.
Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламасын тәмамдағандардың 89%-і жұмысқа бірден орналасқан.
Ауыл шаруашылығы және биоресурстарды дамыту саласына 1321 жас қосылды. Бұл – осы мамандықтар бойынша білім алған түлектердің 87%-і. Жаратылыстану, математика және статистиканы оқып бітірген 4152 түлек былтыр еңбекке араласа бастады. Сондай-ақ жас педагогтардың 85%-і балаларды оқыту ісіне қосылды. Былтыр оқу тәмамдаған 473 ветеринар жұмысқа тұрды, бұл – түлектердің 85%-і. Еңбек жолын енді бастаған түлектердің медиандық жалақысына үңілсек, соңғы үш жылда 114 мыңнан 168 мыңға дейін өскенін байқауға болады.