Астанада жол жөндеу қашан аяқталады?
Биылғы жылы жолды орташа жөндеумен 50 - ден астам көшені, ағымдағы жөндеумен 200-ден астам көшені қамту жоспарлануда.
Жұмыстың бір бөлігі аяқталды. Жоғарыда айтылғандарға байланысты жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары күндіз де, түнде де жүргізіледі. (Ауа райы қолайлы болған сәттен бастап).
Бүгінгі күні ағымдағы жылдың 14 маусымында сол жағалаудағы жолдарды орташа жөндеу бойынша жағдай келесідей:
- Б.Момышұлы даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі учаскедегі Сарайшық көшесі бойынша жол қозғалысы жоғарғы қабатты төсеу үшін толығымен жабылған. Жұмыстарды 2024 жылғы 17 маусымда сағат 06:00-ге дейін аяқтау жоспарлануда.
- Қабанбай батыр даңғылы мен Ұлы Дала даңғылы қиылысы да толығымен жабылды. Жұмыстарды бүгін, 2024 жылғы 14 маусымда сағат 23: 00-ге дейін аяқтау жоспарлануда.
- Қабанбай батыр даңғылы бойынша Ұлы Даладан Хусейн бен Талалға дейінгі жол да шектелген. Жұмыстарды бүгін, 2024 жылғы 14 маусымда, кешкі уақытқа дейін аяқтау жоспарлануда.
Мәңгілік Ел даңғылы жағынан Марал көпірі бағытында жол ашық. Қазіргі уақытта Тәуелсіздік көпірі арқылы жол жүру қозғалысы да қамтамасыз етілген.
Жолдардың жабылуы туралы ақпарат жедел жарияланады, оның ішінде Яндекс.Карта-да және 2ГИС-те.