ІІМ тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды түсіндірді
Биыл алғашқы төрт айдың ішінде еліміз бойынша полиция қызметіне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 28 мыңнан астам шақырту түскен.
Қабылданған жаңа заңға сәйкес, бұдан былай отбасын ойрандағандар қатаң жазаланады. Тиісті шара жәбірленушінің арызынсыз қолданыла береді. Ішкі істер министрлігінің өкілі заң нормаларын түсіндірді. Денсаулыққа орташа және ауыр зиян келтіргендер қылмыстық жауапқа тартылады. Соның ішінде бостандығын шектеу емес, айыру жазасы қолданылады.
Ақмарал Серікбаева, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы:
- Қинау бабы бойынша да бас бостандығын шектеу жазасы алынып тасталды. Жаза тек бас бостандығынан айыру. Тағы да Қылмыстық кодекске бұрын болмаған жауапкершілік енгізілді. Ол 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге қатысты жыныстық қолсұғушылық жасаған тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.