Ақтауда мемлекеттік қызметшілер қан тапсырды

Ақтауда мемлекеттік қызметшілер қан тапсырды

Бұл шараға жергілікті атқарушы орган мекемелерден отыздан астам адам қатысты.

Арасында төрт ай сайын қан тапсырып жүрген тұрақты донорлар да бар. Ақ халаттылардың айтуынша, донор қаны бірнеше кезеңнен тұратын сараптамадан өтеді. Бір қуантарлығы, 99%-ы жарамды. Былтыр Маңғыстау облысында 8 мың донор қан тапсырған. Олардың көмегі арқылы дәрігерлер бес мыңдай науқастың өмірін сақтап қалды. Ал биыл жыл басынан бері төрт мың тұрғын медициналық мекемелерге барып, қан тапсырыпты. 

Еркебұлан Сарымбетов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департамент басшысының орынбасары:

- Бүгінгі «Донор бол да, өмір сыйла» атты акциясына өңіріміздің барлық тұрғындарын белсенділік танытып, қатысуға шақырамыз. Және де ұмытпауымыз қажет, біздің әрбір тапсырған қанымыз біреудің өмірін сақтап қалуға, денсаулығын сақтау қалуға әбден көмегі тиюі мүмкін.