Бурабайда энергетика саласы ардагерлерінің республикалық форумы өтті

Бурабайда Қазақстан мен ТМД-ның энергетика саласы ардагерлерінің XIII республикалық форумы өтті, деп хабарлайды 24kz.

Онда бес мемлекеттің өкілі жиналды. Шетелдік мамандар тәжірибе алмасудың және өз елдеріндегі жағдайды өзгертудің маңыздылығын атап өтті. Шара барысында резолюция әзірленіп, ол жақын арада Энергетика министрлігіне жолданады.

Досымхан Аралбаев, Энергетикалық компанияның бас директоры:

- Бүгін электр энергиясының тапшылығы үлкен мәселеге айналған. Біз көршілес Ресейден, Тәжікстаннан, Қырғызстаннан сатып алуға мәжбүрміз. Бұл мәселе әлі де өзекті. Сондықтан бүгінде еліміз бойынша 3 облыста жылу-электр орталығын салу, сондай-ақ қолданыстағы электр станцияларын қайта жаңғырту, мәселелері талқылануда.