Елімізде туристік бағыттағы жолдардың жағдайы қалай? LIVE

Қазір туристік маусым басталды. Жұрт көп жерге көлікпен барады, деп хабарлайды 24kz.

Елдегі көрікті мекендерге апаратын республикалық жолдардың жағдайы қалай? Қай аймақта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр?

Жол бойындағы инфрақұрылым жақсарды ма? Осы және өзге де сауалдарға «Қазавтожол» Ұлттық компаниясының ресми өкілі Сәкен Ділдахмет жауап береді.

Диктор:

- Қазір жұрт демалыс маршрутын құратыны белгілі. Туристік нысандарға апаратын 2 мыңға жуық автожол жөнделеді деген ақпарат шықты. Жұмыс қай облыстан басталады? Қай жерде жұмыс басталып кетті?

  1. Елдегі ең танымал бағыт – Алакөл. Шипалы көлге Абай және Жетісу облыстары арқылы баруға болады. Абай облысы арқылы баратын жолда ұзақ жылдан бері жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі ахуал қалай, толық пайдалануға қашан беріледі?
  2. Алакөлдің Жетісу облысындағы бағыты толық жөнделген бе?
  3. Өскемен – Алматы трассасы толық аяқталды ма? Кейбір учаскелері жөнделіп жатқаны айтылды. Олар қашан бітуі тиіс?
  4. Алматы облысындағы таулы аумақтағы Көлсай көлдеріне апаратын жолдың жайы да жұртты біраз жылдан бері әбігерге салып келеді. Ол жақтағы ахуал қалай?