Таразда «Жас ұлан» ойындары қорытыланды
Таразда «Жас ұлан» әскери-спорттық ойындары қорытындыланды, деп хабарлайды 24kz.
Аталған іс-шараға өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалардан 20 команда қатысты. Жарыс «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде өтті. Қатысушылар өздерінің физикалық дайындығы мен қаруды жинап-құрастыру машықтарын көрсетті. Онда қашықтыққа жүгіру, граната лақтыру, нысана көздеу сайыстары да болды. Үздік нәтиже көрсеткен Жетісу облысының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Қызылорда облысының жастары екінші, ал Түркістан облысының жас армияшылары үшінші орынға ие болды. Жеңімпаздарға медальдер мен кубок, мақтау қағаздары және естелік сыйлықтар табыс етілді.
Қайнар Төлеген, команда капитаны (Жетісу облысы):
- Біз Тараз қаласында өткізілген жарыста бірінші орынды ұтып алдық. Ұтқаныма өте қуаныштымын. Себебі бұл орынның өзі бізге оңай келген жоқ. Қаншама командалар өз еңбегін салды. Маңдай терімен жеңістерді алды, мысалы. Көптеген қиындықтар болды алдымызда. Соған қарамай, біз жеңдік. Өзіміздің алдымызға мақсат қойдық. Жүрегіміздегі патриоттық намысты оятып, мемлекетіміздің мықты азаматтары болуға тырыстық.