Риддер маңында сел қаупіне байланысты оқу-жаттығу өтті

Риддер қаласы маңындағы Күркіреуік шатқалында сел жүрген жағдайда қажетті іс-қимылдарды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өтті.

Шартты жоспар бойынша мұнда бір баспананы лайлы көшкін басып қалған. Құтқарушылар мен селден қорғау қызметінің мамандарына сол үйдің тұрғындарын аман алып шығу міндеті жүктелді. Олар иттердің көмегімен құтқару опреациясын өткізді. Жаттығу кезінде зардап шеккендерге алғашқы жәрдем беру, қалған адамдарды сақтықққа шақыру әдіс-амалдары да сыналды. Жалпы облыста 144 мореналық көл бар. Мұздықтардан пайда болған бұл су көздері сел қаупін күшейтеді. Қатон-Қарағай, Алтай, Зайсан аудандарында 13 елді мекен сел жүретін жолда тұр. Сондықтан дайындық артық етпейді, дейді құтқарушылар.

Алексей Кочетков, «Қазселденқорғау» ММ  Риддер қалалық бөлімінің басшысы:

-  15 мамырдан бастап қыркүйектің ортасына дейін сел жүру қауіпі өте жоғары. Оған нөсер жаңбыр да, аптап ыстық да түрткі болуы мүмкін. Сондықтан күн райын ескеріп, таулы аумақтарда абай болуға шақырамыз.