Қызылорда облысының жеті ауданында «Руханият орталығының» құрылысы басталды
Мәдени, рухани, тарихи ұйымдарды біріктіретін бірегей кешен болады.
Жалпы өңірдегі біраз аудандық музей мен архив ғимараты ескі. Жастар орталығы мен ардагерлер бас қосатын нысандар да заман талабына сай емес.
Облыстық мемлекеттік архивтің Қармақшы ауданындағы филиалы 1987 жылы құрылған. Содан бері бұл мекемеге тиісті талапқа сай ғимарат бұйырмапты. Аудан орталығында босап қалған ескі нысандарды паналап келеді. Қазір 37 мың құжат сақтаулы тұрған мұрағатта орын жоқ, дейді мамандар.
Гүлжамал Іздібаева, Қармақшы аудандық архиві филиалының басшысы:
- Негізі қойманың ылғалдылығы 55 процент болу керек жылылығы. Қойманың барлық терезелері жабық күйде болу керек. Ешқандай жылу кірмеу керек ол жерде. Құжаттардың сақталуына қолайлы жағдай жасалу керек. Типтік жобада салынбаған. Бос ғимарат болғасын осы жерге 2015 жылы көшіп келгенбіз.
37 жыл тарихи бар аудандық мұрағаттың күрмеулі мәселесі биыл шешімін табады. Аудандағы тарихи, мәдени, рухани ұйымдарды біріктіретін үш қабатты ғимараттың құрылысы сәуір айында басталды.
Біржан Өтенов, құрылыс учаскесінің бастығы:
- Қазіргі таңда монолиттік жұмыстар жүріп жатыр. Монолиттік жұмыстардың 50 пайыздайы атқарылды. Бұның ішкі жағын өру, сылау жұмыстары келесі аптадан бастаймыз оны да. Кесте бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Қалып кетіп жатқан доқпыз, ешқандай проблема жоқ ол жағынан.
Нысан «Руханият орталығы» деп аталмақ. Жоба құны 1 миллиард 600 миллион теңге.
Жандос Еркінбек, Қармақшы ауданының әкімі:
- Осы жылдың аяғына дейін бітіріп, оның ішіне ЗАГС дейтін бар, жастар орталығы бар, ардагерлерімізді жоспарлап отыр. Жалпы мемлекеттік емес ұйымдардың бәрін сол ғимараттың ішіне отырғызып, әрі қарай бірлесіп отырып жұмыс жасап, артымыздан өсіп келе жатқан ұрпаққа дұрыс бағытта тәрбие береді деген оймен жасалып жатқан жұмыстар.
Айта кетейік, мүндай «Руханиият орталығы» өңірдің барлық ауданында салынады. Осылайша ұзақ уақыттан бері ескі ғимараттарға көшіп-қонып жүрген мұражай, ардагерлер үйі, жастар орталығы секілді ұйымдар жаңа қонысқа ие болады.
Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин