«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалай жүзеге асырылып жатыр?
Президент пәрменімен елімізде азаматтардың құқықтарын қорғауға басымдық беріліп отыр.
Бұл ретте Ата заңға да кешенді өзгерістер енгізілді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында «Қоғамдық бақылау», «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» секілді бірқатар маңызды заң қабылданды. Мемлекеттік органдарға «бір терезе» қағидасы бойынша өтініш немесе талап жолдауға арналған «Е-өтініш» сандық платформасы енгізілді. Кейінгі 5 жылда жіберілген арыз-шағымдар саны 2 еседен артқан. Маңызды тұжырымдама қазір қалай жүзеге асырылып жатыр? Сарапшылар пікірі қандай?
Монологтан диалогқа көшу. Қазір коммуникациялық ашықтық қалай жүзеге асып жатыр? Айтайық. Әкімдер мен орталық атқарушы орган өкілері тұрғындармен кездесуінің жаңа форматы енгізілді. Азаматтармен қарым-қатынастың бірыңғай стандарты жасақталып, үздіксіз қызмет ететін онлайн-қабылдау алаңдары әзірленді. Барлығы халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асырудың негізгі тетіктері
Дастан Көшербаев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының МСҰМ профессоры:
- Біздегі «Ашық үкімет» порталы жұмыс жасап тұр. Оның ішіндегі ашық диалог, ашық деректер, ашық НҚА базасы бар. Азаматтар танысып, өз ойларын білдіре алады. Сонымен қатар «Ашық бюджет» порталы жұмыс жасап тұр. Бұл жердеде мемлекеттік бюджет бөліп жатқандығы, олардың қаншалықты көзделіп жатқандығы ойларын білдіре алады.
Сарапшылар «халық үніне құлақ асатын мемлекет» дегеніміз – бұл биліктің азаматтар алдындағы ашықтығы ғана емес, тұрғындар тарапынан да белсенді үнқосудың болуы дейді. Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі жеке парақшалары, онда азаматтардың пікір білдіруі соның айғағы.
Дастан Көшербаев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының МСҰМ профессоры:
- Әкімдердің, белгілі бір орталықтардың басшыларының, аудан әкімдерінің өздерінің втсап желілерінде парақшаларын ашып, кері байланыс құруы, // твиттерда бар, фейсбукте бар, телеграмм арналарында болуы бұл да өзі байланыстың жаңа технологиялары арқылы пікір алмасу болып табылады. 01-58 яғни саяси шешімдерге араласу, ол дегеніміз биліктің халық сұранысына сәйкес, солардың пікірлерін елей отырып шешімдер қабылдауы. Бұл өте маңызды.
Заң шығарушы органның алдында нақты тапсырмалар қойылған. Бүгінде бірқатар маңызды норма қабылданып, күшіне енді. Соның бірі – әйелдер мен балалар құқығын қорғау туралы заң. Осы арқылы мемлкет тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға ерекше көңіл бөлді. Жаза қатаңдатылды. Тағы бір қадам - Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды жетілдірілді. Жаңа қоғамда бұрмалаусыз, ашық ақпаратқа қол жеткізу нормасы да осы құжатта. Сондай-ақ, азаматтардың петиция жариялауына мүмкіндік беретін ресми платформа жұмысын бастады.
Жанарбек Әшімжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Естуші мемлекет концепциясына сәйкес, біз заң шығарушы орган мүшелері, депутаттар өздерінің жұмысын халықпен етене елдің ішін аралау бар, одан бөлек біздің қоғамдық бақылау жөніндегі заңға сәйкес, арнайы өтініш талап-тілектер мен түрлі арыздар бар, әлеуметтік әділеткіздікке, сот-құқықтық түрлі жағдайларға душар болып жүрген азаматтармен тікелей жұмыс істеп депутаттар өздерінің кеестесіне сәйкес қоғамдық қабылдаулар жасап соның нәтижесінде уәкілетті органға нақты ұсыныстар беріп немесе заңнамаларға ұсыныстар беру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.
Парламент палаталарының отырыстары мемлекеттік телеарналардан тікелей көрсетіле бастады. Онда қоғамда резонанс тудырған заң жобалары талқыланып келеді. Мәселен, қоғам пікірін ескерудің нәтижесінде мемлекеттік сатып алу туралы заңға 1 мыңға жуық түзету енгізілді. Жаңа нормалар экономиканың көлеңкелі тұстарын жойып, кәсіпкерлер жұмысын дұрыс үйлестіруге мүмкіндік береді.
Рухани Асқар, тілші:
- Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Мемлекет басшысы 2019 жылғы Қазақстан халқына жолдауында осылай деген.Бүгінде халықпен тиімді кері байланыс орнатудың маңыздылығына баса мән беріліп келеді. Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады. Сондай-ақ осы мақсатпен қоғамның белді өкілдерінің басын қосқан Қоғамдық сенім кеңесі құрылып, жұмысын бастады.
ЦИТАТА: Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет.
Халық пен саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар арасында диалог орнатуда Ұлттық құрылтай маңызды орын алады. Қоғамдық бірігуді дамыту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету мен нығайту бойынша да ықпалы зор.
Рухани Асқар, тілші:
- Бүгінге дейін ұлттық құрылтайдың үш отырысы өтті. Оның әрқайсысында қоғамымыздың басты құндылықтарына айналуы тиіс мәселелерге назар аударылды: бұл Адал азамат, Адал адам, Адал еңбек және Адал табыс үғымдары. Және дәл осы түсініктер әділетті Қазақстанды құру идеясының тірегіне айналуы тиіс.