Су тасқынын болжаудың цифрлық жүйесі әзірленіп жатыр
Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынын болжау мен модельдеудің ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша кеңес өткізді.
Ақпараттық жүйеге төрт модуль кіреді: деректерді жинау, талдау, болжау және модельдеу. Ол "Қазақстан Ғарыш Сапары", "Қазгидромет" және "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығының" жедел және көп жылдық деректерін пайдаланатын болады. Бұған қоса ауқымды деректер көзін қалыптастыру үшін вице-премьер гидро- және метеопосттардың санын көбейтуді, су айдындары мен өзендердің батиметриясын жүргізуді, сондай-ақ су тасқыны құбылыстары жиі орын алатын елді мекендердің "цифрлық бедерін" құруды тапсырды.