Қызылқоға ауданындағы шаруашылық иелеріне өтемақы төлене бастады
Атырау облысы Қызылқоға ауданының шаруашылық иелеріне 62 миллион теңге өтемақы төлене бастады, деп хабарлайды 24kz.
Сәуір-мамыр айларында Ойыл өзенінің күрт көтерілуінен шаруашылықтар мен тұрғындардың 200-ге тарта малы суға кеткен. Аудан бойынша жарияланған төтенше жағдайға байланысты малшылардың шығынын мемлекет өтеп беруге міндеттенген. Осы күнге дейін тасқын зардабын жоюға арналған аудандық комиссияға 70 арыз келіп түсті.
Ержан Нұралин, Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы:
- Комиссияның қортындысы бойынша 58 тұрғынға оң қортынды берілді. Нәтижесінде жиналған құжаттар бойынша 2 мәрте комиссия өткізілді. Аудан бойынша шаруа қожалықтары мен жеке тұлғалардың 191 бас малына 61 млн 972 мыңдай қаржы төленуде.