Жемқорлық: Еріктілер ₸7 млрд-тан астам шығынның алдын алды
Елде жемқорлыққа қарсы күш біріктірген еріктілер 7 миллиардтан астам теңгенің негізсіз жұмсалуының алдын алды, деп хабарлайды 24kz.
Былтыр тамыз айында қолға алынған арнайы жобаға 3 мыңға жуық адам үн қосқан. Соның арқасында Орал қалалық әкімдігі, Шымкенттің Білім басқармасы және Түркістандағы тұрғын үйлердің жылуына қатысты заңбұзушылықтарға жол берілмеді. Жемқорлыққа әкелетін фактілер Астанада да тіркелген.
Данияр Бигайдаров, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің ресми өкілі
- Елордада еріктілер «Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша берілген 30 пәтердің жағдайын тексерді. Тексеру нәтижелері бойынша мердігерлер радиаторлар мен электр розеткаларының болмауы, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс-монтаж жұмыстары және басқа да ақаулар сияқты көптеген кемшіліктерді жойды.