Шаруаларды қолдау шаралары қандай?
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесі 70%-ке жетуі қажет, деп хабарлайды 24kz.
Бұл тұста тауар өндірушілерге сүт өндіру мен өткізу үшін субсидия түрінде жыл сайын 24 млрд теңгеге жуық қаржы аударылады. Ал былтыр заманауи сүт-тауар фермаларын салуға 100 млрд теңге жеңілдетілген несие бөлінген. Елде егістік саласы да қолдаусыз қалмайды. Диқандар далалық жұмыстарды уақтылы әрі сапалы өткізу үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етіліп жатыр. Мәселен, Азық-түлік корпорациясы 6,4 млрд теңге көлемінде тұқымдық материалға тауарлық несие берді. 380 мыңға жуық тонна дизель отыны бөлінді. Оның бағасы нарықтағыдан 15%-ке төмен.
Шаруаларды қолдау шаралары:
Өңделген өнім үлесін 70%-ке жеткізу
Сүт өндіру және өткізу – ₸24 млрд субсидия
Сүт-тауар фермасын салу – ₸100 млрд
Тұқымдық материал – ₸6,4 млрд
Дизель отыны – 376 мың тонна