Шымкенттегі «Мұз сарайы» мемлекетке қайтарылады

Шымкенттегі «Мұз сарай» мемлекет меншігіне қайтарылады. 

Нарықтағы құнынан 8 есе арзанға бағаланған сатып-алу шартының күші сот шешімімен жойылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірдегі өкілдері мәлімдеді. Сыртқы талдау кезінде нысанның 67 пайыз үлесі 2017 жылы жекенің меншігіне 128 миллион теңгеге сатылғаны анықталды. Бірақ жергілікті билік қысқы спорт түрлерін дамытуға арналған жалғыз сарайды жалдауға бюджеттен 1 миллиардтан астам теңге төлеген. Айта кетейік, мұз сарайын мемлекет меншігіне қайтару туралы сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ақжібек Қапалбаева, қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы:

- Департамент қала прокуратурасымен бірлесіп нарықтық құны 8 есе төмен сатылған «Мұз сарайын» мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылдады. Жергілікті атқарушы орган тарапынан аталған объектінің 67 % үлесін 128 млн теңгеге жеке меншікке заңсыз сатқанын анықтады.