Алты өңірде су тасқыны салдарын жою жүріп жатыр

Ақмола облысында 273 тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр.

Атбасар қаласында көппәтерлі үйлер салынуда, нәтижесінде 165 отбасы қазан айында баспаналы болады. Бұл туралы нысандарды қалпына келтіру мәселелері бойынша кеңесте айтылды. Жиынға бейінді министрліктердің өкілдері, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері қатысты. Вице-премьер Қанат Бозымбаев өңір әкімдеріне су тасқыны салдарын жою қарқынын бәсендетпеу керектігін айтты. Сондай-ақ мектептер мен балабақшаларды оқу жылының басында пайдалануға беруді тапсырды. Айта кетейік, бүгінгі таңда Ақмола облысында екі мектеп пен балабақша қалпына келтіріліп жатыр. Ал Ақтөбе облысында 3 балабақша мен 2 мектеп салынады.