Елімізде үш кассациялық сот құрылуы мүмкін
Астанада 3 кассациялық сот құрылуы мүмкін.
Бүгін Парламент Мәжілісінің отырысында сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды. Жобаның алғашқы оқылымында әкімшілік әділет құрып, сот жюриінің жұмысын жетілдіру ұсынылды. Сондай-ақ кассациялық сатыны жетілдіру мәселесі қаралды. Атап айтқанда, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша жаңа модель құру ұсынылды.
Үнзила Шапақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Заң жобасы бастапқыда Жоғарғы Сотта қылмыстық және азаматтық істер бойынша істерді алдын ала қарауды алып тастауды ұсынды. Барлығы «жаппай кассация» қағидаты бойынша жұмыс істеуі тиіс, яғни істер бірден кемінде 3 судьядан тұратын құрамның қарауына түсуі керек деп отыр.