Букмекерлік кеңсе жарнамалаушысына тосқауыл қою керек
Букмекерлік кеңселерге жарнама жасайтын танымал азаматтарға, блогерлерге тосқауыл қою керек.
Ойын бизнесі және лоторея қызметіне қатысты заңға Мәжіліс бұған дейін осындай өзгеріс енгізуді ұсынған еді. Осы секілді бірқатар ұсыныс енген заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған. Ондағы басқа да ұсыныстарға көз жүгіртсек. Жасы 25-ке жетпей, құмар ойнауға рұқсат бермеу, азаматтардың ойындардан өз-өзін шектеу мерзімін 10 жылға создыру, букмекерлік кеңсе мен казина жарнамасын шектеу ұсынылған. Сонымен қатар, электронды және интернет-казино ұйымдастырушыларын қылмыстық жазаға тарту, тұрғын үйлер аумағында лоторея билетін сатып, терминал орнатуға тыйым салу көзделіп отыр.