Мемқызметшілерге құмар ойын ойнауға тыйым салу туралы петицияға 50 мың адам дауыс берді
Елде мемлекеттік қызметкерлер, әскерилер және бюджеттік ұйым басшылары үшін құмар ойынға тыйым салу туралы петицияға 50 мың адам дауыс берді.
Қоғам лудоманияға қарсы күрес шараларына бейжай қарамай, осылай қолдау білдіріп отыр. Сонымен қатар елде бәс тігуге өз еркімен шектеу қою үрдісі цифрландырылды. Наурыз айынан бері 126 мың адам дәл осы қызмет түрін пайдаланған.
Мақсат Шуанов, ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің бас сарапшысы:
- Ол петицияға ешқандай қарсылық болған жоқ. Бәрі қолдады. Енді осы Заң жобасы күшіне енгеннен кейін мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметшілер, мемлекеттік қызметшіге теңестірілген қызметкерлер бәс тігуге тыйым салынады. Ескерту берілмейді. Ол жұмыстан шығарылады.