Астанада үш бірдей кассациялық сот құрылады
2025 жылдан бастап Жоғарғы Сот кассациялық сатыдағы істерді қарамайды.
Оның орнына дербес жаңа модель ұсынылып, елордада қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша 3 кассациялық сот құру жоспарланып отыр. Ұсынылған жаңа механизм Мәжілісте талқыланып, депутаттар кейбір заңнамалық актілерге түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Жаңа редакцияға сәйкес Жоғарғы Соттың рөлі өзгеріп, оның негізгі мақсаты сот жүйесін жетілдіруге бағытталады. Бұдан басқа, талапкердің таңдауы бойынша әкімшілік істер бойынша аумақтан тыс соттылықты енгізу ұсынылады. Эксаумақтылық сот аясында былтыр 1600 іс қаралған.
Нұрсерік Шәріпов, ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:
- 90% – сотқа жүгінетін қарапайым азаматтар. Әкімнің шешімімен келіспейді, шығарылған комиссияның шешімімен. О бастан жалғыз қарапайым азамат бір жақты, мемлекеттік орган оның өзінің заңгерлері бар, аппараты бар, екі жақты тепе-теңдік сақталмайды. Экстерриториалдық сотты таңдаған кезде «осы азаматқа құқық берейік, өзі айтсын, мені мына сот қарамасын»... Үлкен дау Шымкенттегі... Екі тарап келісімге келгеннен кейін ол алды да, Қостанай облысындағы сотта қарап берді.