Қажылыққа барған қазақстандықтар дін аман
Қажылыққа кеткен отандастарымыз дін аман.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Меккеде бақилық болғандардың арасында жерлестеріміз жоқ деп хабарлады. Десе де онда жүрген 700-ден астам қазақстандық дәрігерге жүгінген екен. Көбі қан қысымының көтерілуі мен асқазан ішек ауруларына шағымданған. «Олар медицина қызметкерлерінің толық бақылауында болады», – дейді мүфтияттағылар.
Жәнділдә Бекжігітов, ҚМДБ қажылық бөлімінің меңгерушісі:
- Осы Мина, Арафат өлкесінде қазақстандық 20 кәсіби дәрігерден құралған дәрігерлер тобы жұмыс жасады. Қазақстан азаматтары жаңағы жеңіл аурудың түрлеріне шағымданып, дәрігерлерге қаралды. Айтарлықтай адамдардың өміріне қауіп төндіретін оқыс оқиғалар орын алған жоқ, құдайға шүкір. Қазіргі таңда 5081 қажымыз дін аман. Осы Мекке қаласына келіп жайғасып, құлшылықтан кейін емдерін алып жатыр.