Петропавлда масаға қарсы дәрілеу басталды

Петропавлда көктемгі тасқыннан кейін мың үй дәріленді.

Бұл жұмысқа қала бюджетінен 36 млн теңге жұмсалды. Мамандар Есіл өзені саябырсыған соң су жайылған аумақтарды зарарсыздандырып, зиянды жәндіктерді жойды. Енді саябақтар мен адам көп жүретін көшелерде масаға қарсы дәрілеу шаралары жүргізіліп жатыр. Маса көбіне ылғалды жерлерге жұмыртқалайды. Сондықтан алдымен осындай ошақтар анықталып, дәрі себіледі.

Әсем Айтулова, қала әкімінің баспасөз хатшысы:
- Биылғы жылы бізде қала бойынша су тасқыны болды. Сол аудандарды да біз ең бірінші кезекте дезинфекция жұмыстарын өткіздік. Тоғыз жүз гектар жерде жұмыстар жасалды. Жылдағы дәстүрге сай қала парктері, тұрғындар көп жүретін көшелерде дезинфекция жұмыстары өткізіледі.