Шығыс Қазақстанда 75 ойынқұмар әке жауапқа тартылды
Туған баласынан баз кешетін ата-ана да аз емес.
Шығыс Қазақстанда 75 лудоман әке жауапқа тартылды. Олар баласына алимент төлеуден жалтарып, есесіне букмекерлік кеңселерде бәс тігіп отырған. Үш жылда борышкер әкелер құмар ойындарға 100 млн теңгеден аса қаржы салып жіберген. Айталық, алимент бойынша 1 жарым млн теңге қарызы бар Өскемен тұрғыны онлайн бәс тігіп, 7 млн теңге ұтылып қалған. Қазір осы тұлғалармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде борышкерлердің кейбірі бұдан былай құмар ойындар мен бәс тігуден ерікті түрде бас тартты.