42 ауылда жайылым тапшы
Жамбыл облысының 7 ауданында 164 мың гектар жайылым жетіспейді.
Бас аяғы 42 ауылдың тұрғындары мал жаятын жер таппай отыр. Жайылым мәселесі әсіресе Таразға жақын ауылдарда өзекті. Мысалы Сарыкемер ауылына 2 мың гектар, Нұрлыкент елді мекеніне 8 мың гектар жайылым қажет. Мамандар біраз жер телімі жекенің меншігіне өтіп кеткендіктен проблема туындап отыр дейді. Сондықтан пайдаланылмай жатқан жер телімдерін қайтару жұмысы қызу жүріп жатыр. Жауаптылар соңғы 3 жылда 519 мың гектар жерді мемлекет меншігіне алған. Ал әкімдіктің жерді заңсыз таратқан 14 қызметкері жауапқа тартылды.
Ботагөз Боранқұлова, облыстық Жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы:
- Жалпы 88 мың гектар жер игерілмей жатыр. Олардың барлығына жер ресурстарын басқару департаментінен нұсқама берілген заң бойынша. Бір жыл нұсқамасын беріп, келесі жылы тексеріледі олардың барлығы. Бірақ қазіргі таңда енді ескерту берілген кезде, игерілмеген кісілердің барлығы мемлекетке қайтарып жатыр. Қазіргі 5 айдың қорытындысымен 22 мың гектар жер қайтарылды.