Астанада мемлекеттік қызметкерлер қоғам қайраткерлерімен кездесті

Елде 80 мыңнан астам мемлекеттік қызметші бар.

Бүгінде бұл салада жастар қатары артқан. Олар қанша жерден білімді, іскер болса да аға буынның ақылына зәру, көмегіне мұқтаж. Себебі сала ардагерлерінің жұмыс тәжірибесі басым. Астанада осыған байланысты мемлекеттік қызметте жүрген жас мамандар кезінде елге еңбегі сіңіп, қалам тербеген қоғам қайраткерлерімен кездесті. Арасында ұзақ жылдар елге қызмет еткен Уәлихан Қалижанұлы, Жабал Ерғалиұлы сынды белгілі азаматтар бар. Іс-шара мақсаты – аға буын мен өскелең ұрпақ арасындағы сабақтастықты жандандыру дейді ұйымдастырушылар. 

Дархан Жазықбай, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
- Мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру, олардың рухани деңгейін, біліктіліктерін көтеру бойынша осындай ұйымдастырып келе жатырмыз. Мемлекеттік қызметшілер түбегейлі санасының өзгеруі, жұмыс барысының өзгеруі, өздерінің алға қойған мақсаттарының негізгі принципі – ол мемлекет адам үшін деген қағиданы ұстауы.