Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы жаңа кестеге сай жүргізіледі

Бұған дейін тазалық жұмыстары аптасына бір рет өткізілсе, енді күн сайын сенбілік ұйымдастырылмақ.

Жаңа ережеге сәйкес, әрбір басқарма басшысы өзі жетекшілік ететін ұжымының акцияға қатысуын қамтамасыз етуі тиіс. Тұрғындар арасында да түсіндіру, экологиялық сауаттылықты арттыру жұмыстарын жүргізу міндеттелді. Өңірде қоқысты заңсыз төгетін жерлер азаймай тұр. Осы орайда жауапты органдар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен жиі рейд жүргізілетін болды.   

Руслан Мұздыбеков, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
- Қазіргі таңның өзінде 14 мыңнан аса хаттама толтырылып, 153 млн теңге айыппұл салынған. Әлеуметтік желілерде тұрақты түрде
«Таза Қазақстан» акциясына қатысу және тазалық мәдениетін қалыптастыру жөнінде танымал тұлғалардың үндеулері жариялануда. Барлық аудандарда бекітілген. Дәл осындай көрсеткіштерді басқармалар тарапынан да іс-шаралар бекітіп жатырмыз. Осы бойынша тиісті рейтингтер жасалатын болады.