Ақтөбеде судан зардап шеккен 44 отбасыға пәтер берілді

Ақтөбеде көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 44 отбасыға пәтер кілті табысталды.

Қайырымдылық қоры есебінен сатып алынған баспаналар табиғи апаттан зардап шеккен саяжай тұрғындарына үлестірілді. «Алтын Орда» шағын ауданындағы екі және үш бөлмелі жаңа пәтерлердің ауданы 60-тан 95 шаршы метрге дейін. Сондай-ақ «Есет батыр» тұрғын алабынан да үй берілді. Өңірде мыңнан астам баспана апатты деп танылған болатын. Олардың орнына 486 үй мен пәтер сатып алынса, 517-і жаңадан тұрғызылауы тиіс еді. Бүгінге дейін 250 баспананың кілті берілді.

Тұрлан Шегиров, қала тұрғыны:

- Екі ай уақыт күттік қой. Наурыздың 28 мен 29 қарай су келді. Содан бастап күтудеміз. Жақсы мына район. Әдемі. Ұнап тұр. Көшу Алла бұйырса 1-2 күннен кейін болады. Бәріне ризамын. Рахметімді айтамын. Артта қалсын енді жамандықтың барлығы. Жақсылық болсын.