Сот орындаушысының қатысуынсыз атқарушылық іс жүргізуді робот жүзеге асырады

Жыл басынан бері «Роботты енгізу» жобасы іске қосылды.

Енді елде сот орындаушысының қатысуынсыз атқарушылық іс жүргізуді робот жүзеге асырады. Қазірге дейін осындай 4 мыңнан аса іс қаралған. Бұл туралы брифингте Әділет вице-министрі баяндады. Бекболат Молдабековтің айтуынша, бұл жоба қаржыны және уақытты үнемдеуге тиімді. Әрі қағазбастылық пен адами факторды жоюға көмек береді.  

Бекболат Молдабеков, ҚР Әділет вице-министрі:

- Қазіргі уақытта роботпен 4321 іс қаралып, оның 226-нан 6 233 400 теңге өндірілді. Жақын арада бұл пилоттық жобаны бүкіл республика бойынша таратуды жоспарлап отырмыз.