Қарызын өтей алмағандардың берешегін өтеу кестесі жеңілдеуі мүмкін

Елімізде қарызын қайтара алмаған жандардың берешегін өтеу кестесі жеңілдеуі мүмкін.

Бұл туралы «Қарызсыз қоғам» жобасының заңгері Назгүл Рыспек мәлімдеді. Оның айтуынша, қиындықта қалған азаматтың қарыздары жайлы алдымен бірінші кредиттік бюродан анықтама алынады. Кейін сол құжаттағы ақпарат сараланып, қандай мөлшердегі жеңілдік берілетіні анықталады.

Назгүл Рыспек, «Қарызсыз қоғам» жобасының заңгері

- Ай сайынғы жалақысы кредиттік төлемге жетпей жатса, біз жаңағы кредиторлармен келіссөз жүргіземіз. Сол келіссөз барысында ықтималды жаңа график алғызып береміз. Мысалы бұрын 80-90 мың төлейтін болса, оны 20-30 мыңға түсіріп, ай сайынғы ықтималдық кестеге жасаймыз. Егер де оның көмегі тимейтін болса, егер адамның жағдайы мүлдем нашар болса, оны онда банкроттыққа дайындаймыз.