ҰҚК Маңғыстауда журналистер үшін пресс-тур өткізді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстауда алғаш рет журналистер үшін пресс-тур өткізді, деп хабарлайды 24kz.
Іс-шара барысында БАҚ өкілдері арнайы мақсаттағы күштік құрылымдардың оқу-жаттығу полигонында болып, бөлімшелердің заманауи қару-жарақтары, техникасының үлгілерімен танысты. Журналистерге, сондай-ақ, теңіз шекарашыларының шұғыл әрекет ету кезіндегі тактикалық іс-қимылы көрсетіліп, шекаралық экипаждардың, әскери кемелер мен қайықтардың бірнеше түрі таныстырылды. Арнайы жасақ қызметкерлері өздерінің 10 метр тереңдіктегі қысым камерасында қалай жаттығатынын көрсетіп, журналистерге практикалық ату сабағын жүргізді. Үш күндік пресс-тур барысында БАҚ өкілдері өзара бірлесе жұмыс атқарудың әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, алдағы уақытта ынтымақтастықты арттыруға уағдаласты.