Қажылыққа барған отандастарымыз елге оралды
Аптап ыстыққа қарамай, мұсылмандық парызын өтеп келген отандастарымыздың алғашқы легі елге оралды, деп хабарлайды 24kz.
Қажылардың айтуынша, күн райы қапырық болғанымен, жергілікті билік әр жерге желдеткіш орнатып, ұдайы салқын су таратып отырған. Медициналық көмек те дер кезінде көрсетілді. Соның арқасында сапар жеңіл өтіп, ыстықты еңсеру оңай болғанын айтады. Қажыларды бүгін Алматы әуежайында туыстары күтіп алды.
Блиц 1:
-Ыстық, иә. Бірақ шыдауға болады, үлкен кісілер де жүр. Қажылық компаниялар да жақсы жағдай жасаған. Бүкіл көліктер кондиционермен, одан кейін әр адамға зонтик береді. Сол жақтағы жергілікті билік те адамдарға су таратады жылдағыдай. Тағы да зонтик береді. Жақсы өтті, жеңіл өтті.
Блиц 2:
-Қоштасу тәуібін өтіп жүргенде бір адамды көрдім талып жатқан. Бірақ біздің топ ұйымшыл болды. Бір-бірімізгі мейірімділікпен қарап, қамқор болды. Топтың ауызбіршілігімен шыққан шығармын деп ойлаймын. Расымен жалғыз шықса қиын болады.
Блиц 3:
- Көп ыңғайлық жағдай жасаған екен, автобуспен алып жүру, кондиционер. Содан кейін қажылық жасап 15 км-ге дейін жаяу жүретін уақыттар болады ғой, сол кезде жол бойы полицейлер су шашып тұрады екен. Жәшікпен салқын су тараптып тұрады, құрма таратып тұрады.