Елімізде мемлекеттік қызмет пен кадрлық саясатты жетілдіру ісі ширап келеді
Елде мемлекеттік қызмет пен кадрлық саясатты жетілдіру ісі ширап келеді, деп хабарлайды 24kz.
Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіліп, жалақы орта есепппен шамамен екі есе өсті. Жемқорлық әрекет үшін жауапкершілік қатаңдатылды. Мемлекеттік қызметкерге шетелдік банктерде шот ашуға шектеу қойылды. Ал, Президенттік жастар кадрлық резерві болашақ саяси көшбасшыларды даярлайтын алаңға айналды. Жоба басталғалы бері 22 мыңнан астам адам өтініш берген. Мамандарды іріктеу үрдісі екі жыл сайын өтеді. Алғашқы жылы 300 маман алынса, кейінгі екі іріктеуде тағы 100 маман қатарға қосылды. Бүгінде резервтегі кадрлардың 292-сі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында қызмет атқарып жүр. Ал биылдан бастап өңірлік кадрлар резерві жасақталады.
Президенттік жастар кадрлық резерві
22 мың өтініш
2019 ж. – 300 адам
2021 ж. – 50 адам
2023 ж. – 50 адам
292 маман мемлекеттік, квазимемлекеттік ұйымда