Ақсу қаласында үй аулалары абаттандырылып жатыр
Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласында үй аулалары абаттандырылып жатыр.
Жергілікті билік тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жақсартуды балалар алаңынан бастады. Биыл 16 көпқабатты үйдің ауласын жаңғыртуға бюджеттен үш жүз миллион теңге бөлінген. Кей нысандар демеу-шілердің қаражаты есебінен жабдықталады. Балалар жазғы демалысын тиімді өткізуі үшін құрылыс жұмыстарын мүмкіндігінше жылдам аяқтау көзделген. Бүгінгі күні нысандарда ойын элементтері мен шағын архитектуралық пішіндерді орнататын бетон құйылды. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі, тұрғын үй секторын абаттандырудың бірінші кезеңі бойынша біршама жұмыс атқарылғанын айтады.
Бейбіт Азамат, Ақсу қаласы ТКШ бөлімінің басшысы:
- Бізде барлығы 130 балалар алаңы бар. Олардың жартысынан көбі жөндеуден өткен. Биыл 32 жаңа алаң қолданысқа енеді. Онда кешенді ойын мен спорт алаңы және тренажерлар қарастырылған. Бәрі тұрғындардың қалауы бойынша жасалып жатыр.