Мемлекеттік қызметке орналасу жеңілдеді

Бұрын маманның жеке сектордағы еңбек өтілі есепке алынбаса, қазір талап өзгерді.

Сондай-ақ жоғары оқу орнын үздік бітірген түлектерге комиссиясыз қызметке тұруға болады.

Мемлекеттік қызметтің құрылымы қашан да ел назарында. Халық пен билік арасындағы қарым-қатынас мемлекетке, мемлекеттік қызметке деген сенімді қалыптастырады. Мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та жиі айтып жүр. "Үкіметте болсын, квазимемлекеттік секторда болсын, ел басқару ісіне араласасыздар. Әлбетте жеке секторда да еңбек етесіздер. Қай салада болмасын, негізгі мақсат мемлекет мүддесі болуы тиіс" дегені бар бір сөзінде. Сала қызметкерлері 23 маусым күні халықаралық төл мерекелерін атап өтеді. 30 жылда мемлекеттік қызмет саласы жаңғырды, жаңарды, түрлі белестерден өтті. 

Гүлісхан Нахбаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің креативті индустриялар департаментінің басшысы:

- Енді бұл мемлекеттік қызметте ең бастысы, патриоттық сезіммен жұмысты атқару керек деп ойлаймын. Біріншіден отан сүйіп және де халықтың сұранысына байланысты еліміздің экономикасын нығайтуға арналған бағыттар бойынша жұмысты атқару керек екені енді сөзсіз. Енді ең бастысы бұл жерде тиімділікті арттыру. Мемлекет аппаратының өзінің тиімділігін ашықтығын, халықпен байланысты арттыру және нығайту болып табылады деп ойлаймын7 Мысалы, мен президент жастар кадрі резерві аясында мемлекеттік  қызметке келіп отырмын.

Президенттік жастар кадрлық резерві болашақ көшбасшыларды даярлайтын саяси мектепке айналды. Оған мамандарды іріктеу екі жыл сайын өтеді. Жоба басталғалы 22 мыңнан астам адам өтініш берген. Қазіргі таңда резервтегі кадрлардың 367-сі әр салада еңбек етіп жатыр. Кадрлық резерв жастардың мемлекеттік қызметке, басқарушылық лауазымдарға қызығуына айтарлықтай әсер етті деуге негіз бар. Бүгінде елімізде 20 мыңнан астам жас мемлекеттік қызметкер түрлі лауазымдарда еңбек етеді. Олардың қатары жуырда тағы да артады. Себебі жоғарғы оқу орындарын үздік тәмамдаған түлектерді мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылдау туралы норма 1 жылда өзінің нәтижесін көрсетіп үлгерді.

 Дархан Жазықбай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

- ЖОО жақсы көрсеткіштермен аяқталған жастарымыз болатын болса, біз былтыр осы тамыз айынан бастап енгіздік заңға. Ол өзінің нәтижесін беріп келе жатыр. ОЛ ауылдық, аудандық, немесе жаңағы қалалық облыстық маңызы бар қалалық әкімдіктерге тікелей тағайындала алады. Конкурстық тест тапсырмастан , іріктеуден өтпей бірден тағайындалады. Осындай мүмкіндіктерді жастарға берді.Қазіргі таңда 400-ден астам біздің жастарымызосындай тағайындалулар алды. Ал енді алдағы уақытта біздің мынау тағы да мүмкіншіліктер беретінбіз. Бұл арнайы білімі бар мамандарды, келісім шартпен бір жылға дейін жұмысқа тарту.

Жылдан жылға мемлекеттік қызметке қабылдау қағидаттары жеңілдеп келеді. Бұрындары маманның мемлекеттік қызметке дейін жеке сектордағы еңбек өтілі есепке алынбайтын. Қазір талаптар өзгерді.  

Сергей Пономарёв, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мемлекеттік қызмет беделді болды. Содан бедел төмендеді, жалақы төмендеді, бірақ қазір қайта көтеріліп жатыр. Менің ойымша, мемлекеттік қызметтің имиджі де жақсарып келеді. Бұл жігіттер білімді, екі-үш тілді біледі, мансаптық өсуге ұмтылады, ең бастысы дүниені түсінеді.

Президент тапсырмасымен мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту мақсатында ілкімді іс атқарылып жатыр. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке кіру және одан шығу жеңілдетіледі. Дарынды басқарушы кризис менеджерлер санын арттыруға мән беріледі.

Мирлан Алтынбек, Наурызбай Құрманғазы, Диас Қовланбаев